Executive MBA бағдарламасы қазақ тілінде оқытыла бастады

15.05.2025 14:06

Оқыту үдерісіне кәсіби мамандар тартылған

Бүгін елімізде алғаш рет Executive MBA бағдарламасы қазақ тілінде оқытыла бастады. Бұл — басқарушылық қабілеті жоғары, отаншыл әрі бәсекеге қабілетті жаңа буын жетекшілерін даярлауға бағытталған маңызды бастама, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Басшыларға арналған іскерлік басқару» бағыты бойынша жүзеге асатын бағдарлама Welcome Day таныстырылымымен ашылып, «Іскерлік коммуникациялар» пәнімен жалғасады. Барлық сабақ тәжірибелік мазмұнда және қазақ тілінде өтеді. Оқыту үдерісіне кәсіби мамандар тартылған. Авторлар «Жоба мемлекеттік тілді іскерлік ортада дамытуға және ұлттық кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыруға серпін береді» дейді.

«MBA  – Гарвард университетінен бастау алған 100 жылдан артық тарихы бар арнайы бағдарлама. Бұл жерде кәсіпкерлерді, бизнесмендерді және топ менеджерлерді дайындайды. Бағдарлама негізінде отыз жыл бойы жүргізіліп келген. Жаңадан жиырма адамдық топ жинақталды. Бәрі қазақ кәсіпкерлер. Қазақ тілінде оқимыз деп тұр. Олар білімін, кәсібін қазақ тілінде алғандықтан бүкіл кәсібінің барлығын мемлекеттік тілде жүргізуге атсалысады деген сенім бар», – деді экономист Мақсат Халық.

Оқи отырыңыз: Биылғы ҰБТ мерзіміне түзету енгізілді