Басты назар реферальды жүйеге аударылды
Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.
Жоба маркетплейс ретінде таныстырылған: қатысушыларға табысы белгіленген әртүрлі пакеттегі инвестициялық «дүкендерді» сатып алу ұсынылған. Сауда-саттық қызметінің көрінісін жасау үшін жеке кабинетте жасалмаған тапсырыстар мен жоқ тауарлардың «жөнелтілімі» көрсетіліп, олар үшін виртуалды пайыздар есептеліп отырған.
Негізгі екпін реферальды жүйеге қойылды: қатысушыларға жаңа салымшыларды тартқаны үшін ақшалай бонустар мен құнды сыйлықтар уәде етілген. Өңірлердегі агрессивті маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның арқасында ұйымдастырушылар заңсыз схемаға 1,5 мыңға жуық салымшыны тарта алған.
Жобаны ілгерілету үшін жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылуы және бұқаралық таныстырылымдар өткізілген. Бұл шаралар әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарияланып, халықтың сенімін ұялату үшін пайдаланылды.
Ақшалай қаражатты шығару криптовалюталық платформа арқылы жүзеге асырылып, кейіннен банктік шоттарға аударылған.
Агенттіктің жедел шараларымен 474 мың USDT сомасындағы криптоактивтерді бұғаттау қамтамасыз етілді.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Халықты жұмыспен қамту деңгейі артып келеді: жыл басынан бері Қазақстанда 200 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты