Фурманов шыңына шыққан үш жігіт адасып кеткен

Tobias Federle/unsplash.com/
Tobias Federle/unsplash.com/

Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, топты шатқал арқылы төменге түсірді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ТЖМ құтқарушылары Фурманов шыңынан түсіп келе жатып адасып кеткен үш адамды тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының «Медеу» құтқару бекетіне 2004, 2006 жылғы үш жігіттің Талғар ауданындағы Фурманов шыңынан түсіп келе жатып бағытынан жаңылып, адасып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына құрамында 5 құтқарушы және бір техникасы бар жедел топ жіберілді.

"РЖҚЖ ТЖМ мамандарының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жігіттер жылдам табылды. Олардың бірі аяғын қайырып алған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, топты шатқал арқылы төменге түсірді. Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды", — делінген хабарламада.

ТЖМ тауға баруды жоспарлаған қазақстандықтарға ескерту жасады.

"Тауға шықпас бұрын маршрутты, ауа райын мұқият бағалап, жоспарыңызды жақындарыңызға немесе құтқару қызметтеріне алдын ала хабарлаған жөн. ТЖ орын алған жағдайда, уақтылы хабар беру мен геолокацияны жіберу құтқару жұмыстарын едәуір жылдамдатады", — деп түсіндірді ведомство.

Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 мамыр аралығында ауа райы қандай болады

 

Новости партнеров