Ғабиден Құлахмет - 70 жыл: Алматыда «Ақ бастау» жинағы жарық көрді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастарды қолдап, қазақ балалар әдебиетін дамытуға үлес қосады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жазушы Ғабиден Құлахметтің 70 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шарада қаламгердің үш кітабы мен жазушы туралы естеліктер жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Марқұмның балалары және «Ақ желкен» журналы «Ақ бастау» республикалық жобасын ұйымдастырды. Яғни, балалар әдебиетіне қадам басып келе жатқан 70-тен астам қатысушы өлең, әңгіме, новелла, хикаят және фэнтези жанрындағы туындыларын ұсынған. Үздік деп танылған шығармалар «Ақ бастау» атты жинақта жарық көрді.

Айта кетейік, бұл атау қаламгердің белгілі шығармасымен байланысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастарды қолдап, қазақ балалар әдебиетін дамытуға үлес қосады. Байқау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

«Негізгі талабымыз – қоғамдағы ашықтық, әділеттілікті қамтамасыз ету. Балалар әдебиетіне қалам тартқысы келіп жүрген жаңа авторларды әдеби ортаға келуіне ынталандыру. Жеңімпаздар бүгін ғана белгілі болды. Бас жүлде, бірінші орын, екі  адам екінші орын,  үш жанға үшінші орын және ынталандлыру екі жүлдесі бар. Барлығы - 9 автор. Оның ішінде өлең, заманауи цифрландлыру әлеміне лайықталған робот туралы әңгіменің желісі бар», – деді Ғ. Құлахмет атындағы қоғамдық қордың жетекшісі Ғазиз Құлахмет.

Оқи отырыңыз: Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы автожолды кеңейту құрылысының алғашқы кезеңі басталды

 

Новости партнеров