Ғасырлық тарих: Түркі дүниесінің рухани тұтастығын айшықтайтын еңбек жарық көрді

25.05.2026 21:42

Туындылар «Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығына» арналған

Алматыда Түркі дүниесінің ортақ тарихи жады мен ғылыми сабақтастығы және рухани тұтастығын айшықтайтын екі кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Туындылар «Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығына» арналған. Соның бірі – «Бірінші түркологиялық құрылтай» кітабы. Онда 1926 жылы Әзербайжанда өткен жиынның тарихи маңызы, тіл, әліпби, терминология мен мәдени мұраға қатысты мәселелер талданған. Ал «1926/2026» деп аталған фотодеректерге негізделген сирек архив құжаттары мен фотосуреттер енгізілген.

«Түркі мәдениеті және түркі мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының ұлттық музейімен және архивттерімен тың ақпараттарды, 100 жыл бұрын болған ресми түрде алып, әлемге паш етіп жатыр. Бұрын-соңды көрмеген, оқымаған протоколдарды, қарарларды жаңа кітабымызға енгіздік. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірігіп жасаған көрме ҚР Мемлекеттік музейінде 1 ай бойы ашық болады», – деді халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова.

Оқи отырыңыз: Өнермен өрнектелген өмір»: Алматыда Бәкір Тәжібаевты еске алды