Еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін жаңа шаралар қабылданады

08.01.2025 14:50

2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды

 

UKIMET

Үкімет еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін жүйелі шаралар қабылдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.

"Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсу факторларының бірі – адами капиталды дамыту. Экономиканың дамуы және азаматтар әл-ауқатының артуы өз кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті іс-шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тарапынан 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды", — деп атап өтті Үкімет отырысында Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: АЭС: Колледждер базасында арнайы мамандықтар ашылады