Green Airports: Еуразия аумағында азаматтық авиация ұйымы құрылды

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ұшақтарға арналған экологиялық таза жанармай өндірілуі мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуразия аумағында алғаш рет азаматтық авиация ұйымы құрылып, конференцияға мүше болу үшін елдер декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық авиация экологиялық таза жанармайға көшіп, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға баса назар аудармақ. Бүгін "Green Airports" аймақтық семинарында ACI Europe, Қазақстан Көлік министрлігі және авиациялық әкімшіліктің басшылық өкілдері әуедегі шиеленіскен мәселерді талқыға алып, "жасыл әуежайлар" жобасын жүзеге асыру үшін бірқатар ұсыныстарды алға салды.

"Біз технологияларды жаңартып, авиациялық әлеуетті арттыру үшін барымызды саламыз. Бұл конференцияда билік өкілдері мен шетелдік компаниялар және отандық авияция бірлесе жоспар құрып, шиеленістерді шешуге мұмкіндік болады", – деді   «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду.

"2028 жылдан бастап Еуропаның әуе кеңістігіне тазартылған жанармайсыз кіре алмаймыз" деп бөлісті Көлік вице-министрі Талғат Ластаев. Сондықтан елде жаңа технологиялардың көмегімен отандық авиаотын өндірісін қолға алу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

"Түрлі жобаларды қарастырып жатырмыз. Мұнай компаниясы осы мәселемен айналысып жатыр. Міндет – экологиялық таза жанармай шығару. Қазақстанда бүкіл жағдай қарастырылған. 2028 жылдан бастап Еуропа одағы тек жанармайдың бір бөлігін пайдаланатын авиокомпания ұшақтарына ұшуға рұқсат береді", – деді ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Сондай-ақ жиында Алматы әуежайының әлеуеті талқыланды. Биыл жолаушылар ағымы 8,5 миллионға жетті, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға жоғары. Жиында «бұл елдегі басты авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайтып отыр» деп атап өтті. 

"Келесі жылдың соңына дейін ескі терминалдағы реновация жұмыстарын толық аяқтаймыз. Сондай-ақ сол жақ ұшу-қону жолағын толық жаңғырту және әуе айлағының жабдықтарын жолаушылар мен қызметкерлерге барынша ыңғайлы етуге тырысамыз", – деді Алматы халықаралық әуежайының басшысы Гокер Косе.

"Green airports" жобасының арқасында елдегі авициялық экономика дамып, аумақтың экологиясы жақсаратыны сөзсіз. Одақтас елдер арасындағы әуе қатынастары нығайып, ұшақтардың "жасыл" бағытта дамуы көзделіп отыр.

Әйкерім Пернебек, Хангелді Ахметхан

Оқи отырыңыз: Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты

Новости партнеров