Ғұмырдария-25: «Ұлы Жібек жолы» өнер фестиваль-байқауы өтті

08.08.2025 19:27

Байқау – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының мәдени ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірлескен жоба

«Ғұмырдария» шығармашылық орталығына 25 жыл. Осыған орай Алматыда жас таланттарға жол ашатын III халықаралық «Ұлы Жібек жолы» өнер фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауқымды іс-шараға Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15-ке жуық өнерпаз қатысты. Фестиваль аясында олар вокал, би, аспаптық музыка және сахналық өнер бағыттары бойынша бақ сынады. Айта кетейік, бұл байқау – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының мәдени ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірлескен жоба.

«Ұлы Жібек жолы» өнер фестиваль-байқауы бұған дейін Сиянь қаласында да өтті. Ол жерде де өнерпаздар арасында үлкен тартыс байқалды. Мұндай мәдени ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасарына сенеміз», – деді технологиялық компанияның бас менеджері Пеи Шя.

«Конкурс болғаннан кейін бірі жақсы өтеді, бірі нашар өтеді деген сияқты. Мақсат – ең талантты балаларды таңдап алып, жол ашып беріп, ары қарай ынталандырып, халыққа насихаттап, оларды жолға салу», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Дәлденбай.

Оқи отырыңыз: Ұлы ақын – ұлт мақтанышы: Алматыда балаларға арналған поэзия байқауы өтті