Ғылыми деректер вакцинация мен аутизм арасындағы байланысты растамайды - ДДСҰ

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Зерттеулер себеп-салдарлық байланыстың жоқ екенін растады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2010-2025 жылдар аралығындағы вакцинация, тиомерсал және аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) арасындағы ықтимал байланысқа қатысты ғылыми деректердің жүйелі шолу-талдауын жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, негізгі қорытынды: сапалы ғылыми зерттеулер вакцинацияның аутизмді туындататынын растамайды.

Шолуға 36 ғылыми жарияланым: 31 зерттеу және 5 мета-талдау, сондай-ақ жалпы ғылыми контексті бағалау үшін 21 шолу енгізілді.

Зерттеулер мен мета-талдаулар вакцинация мен аутизм арасында себеп-салдарлық байланыстың жоқ екенін растады.

Осылайша, қазіргі ғылыми деректердің жиынтығы вакциналардың аутизм немесе нейро дамудың басқа да бұзылыстарының даму қаупін арттыратынын растамайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 медаль алды