Мәжіліс депутаттары Алматыдағы жас ғалымдар мен студенттердің мәселелерін тыңдады

Сапардың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы белгілеген әділетті әрі технологиялық дамыған Қазақстан құру бағыты аясында жас буынның әлеуетін арттыру

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға Парламент Мәжілісінің депутаттары мен AMANAT партиясы Орталық аппаратының басшылығынан құралған ірі делегация жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Сапардың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы белгілеген әділетті әрі технологиялық дамыған Қазақстан құру бағыты аясында жас буынның әлеуетін арттыру. Осы мақсатта қолға алынған «Bir Tolqynda» партиялық жобасы шеңберінде депутаттар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттерімен және жас ғалымдармен кездесті. Делегация алдымен «Farabi HUB» цифрлық экосистемасын, Робототехника және нанотехнология зертханаларын аралады. Қонақтарға нарыққа шығуға дайын отандық ИТ-платформалар, ұшқышсыз ұшу жүйелері мен инновациялық стартаптардың тәжірибелік үлгілері таныстырылды. Хаб алаңында өткен ашық пікірталаста жас ғалымдар гранттарды бөлудегі жоғары бюрократия мен ғылыми жобаларды коммерцияландыру мәселесін ашық жеткізді. 

«Нәтижесі болған жоспарлардың бірі – жастарға ғана емес, ауыл тұрғындарына да арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарлама аясында ауылдық өңірлердегі  жастарға аз пайыз мөлшерде берілетін несие бар. Олар кәсіптерін бастап кету үшін  AMANAT партиясы осы іс-шараны ұйымдастырып отыр», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Әбутәліп Мүтәлі. ¤

Күннің екінші жартысында еліміздің инженерлік кадрлар ұстаханасы-Satbayev University қабырғасында ашық диалог алаңы өтті. Жоғары оқу орны студенттерін, жас ғалымдар мен белсенділерді біріктірген жиында өзекті мәселелер көтерілді. Жастар өндіріс пен білімнің алшақтығын және жеке сектор тарапынан инвестицияның тапшылығын ашық айтты. Мәжілісмендер студенттердің барлық шағымы мен ұсыныстарын тыңдады. AMANAT фракциясы мәселелерді өз жұмысына қабылдады. Енді бұл сұрақтар Парламенттің бейінді комитеттерінде егжей-тегжейлі зерттелетін болады.

«Конституцияның ғылым және инновация деген бағыт бар. Заңға өзгертулер енгізу арқылы жағдай жасау жұмыстары қарастырылылатын болады. Бастама нәтижесін беруде, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, қосымша гранттар берілуде. Бұл –жақсы көрсеткіш», – деді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры, зерттеуші Руслан Нұрлыбаев

Оқи отырыңыз: Заң мен әділдік: Алматыда мыңнан аса азамат тегін құқықтық кеңес алды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров