HackFusion: Студенттер инклюзивті ортаға арналған IT-жобаларын таныстырды

Байқау студенттердің инновация және стартап бағытындағы идеяларын дамытуға арналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коледж студенттері арасында HackFusion хакатон байқауы өтті. Мобильді қосымша және стартап жобаларды қолдау бағытында ұйымдастырылған сайыста еліміздің 8 өңірінен келген 104 қатысушы бақ сынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Байқау студенттердің инновация және стартап бағытындағы идеяларын дамытуға арналған.

«Бұл байқау IT саласында креативті ойлауын бағдарламалау және жасанды технологиялар қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Яғни хакатонға 8 өңірден 104 қатысушы жиналды. Атап айтқанда, Алматы, Астана, Повладар, Тараз, Қызылорда, Атырау және Түркістан. Бұл хакатон қатысушылардың инклюзивті ортаға арналған веп сайттар және мобильді қосымшаларын әзірледі», – деді Алматы сервис және технологиялар коледжі директорының ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Зәуре Әжиева.¤

Байқаудың негізгі мақсаты – талантты жастарды IT индустриясымен байланыстыру. Қатысушылар команда болып жұмыс істеп, 24 сағат ішінде цифрлық жоба немесе прототип дайындау бойынша тапсырма алған. 2 күнге созылған сайыс бүгін өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Бұл хакатонның ерекшеліктері басқа команда мүшелерімен танысып, жарысып ғана қоймай тіл табыса аламыз. Хакатон басқа студенттердің ары қарай дамуына септігін тигізеді», – деді қатысушы команда капитаны Аида Құдайбергенова.

Оқи отырыңыз: Алматыда жасанды интеллект негізіндегі «ақылды» жылумен жабдықтау жүйесі енгізіледі

Новости партнеров