200-ден астам азамат 50 доллардан бастап 35 мың долларға дейін қаражат құйған
Қызылордада қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«HRT» деп аталған бұл ұйым заңды инвестициялық жоба ретінде көрсетіп, азаматтарға электросамокаттарды сатып алып, оларды Еуропа елдерінде жалға беріп пайда табуға болады деп уәде еткен. Жобаға қатысу үшін адамдардан арнайы «HRT» шотына криптовалюта түрінде ақша аудару сұралыпты. 200-ден астам азамат 50 доллардан бастап 35 мың долларға дейін қаражат құйған. Олар ай сайын 1 200 доллар табыс аламыз деп сенген. Алайда бұл схема заңсыз болып шықты. Тартылған қаражаттың жалпы көлемі 28 миллион теңгеден асқан
«Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Құрбан айт: елімізде мал бағасы қанша