Елімізде 1 млн адам банк алдындағы берешегін өтемеген

Almaty.tv
Almaty.tv

Сондай-ақ олар төлем қабілеті төмен азамат ретінде жеке тұлғаның банкроттығына өтініш бермеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 1 млн адам 12 айдан бері банк алдындағы берешегін өтемеген. Алайда олар әлі күнге төлем қабілеті төмен азамат ретінде жеке тұлғаның банкроттығына өтініш бермеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпарынша, елде қарызын кешіруге құжат тапсырғандар саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Одан кейін Жамбыл және Түркістан облыстары. Qoldau.kz платформасына 124,5 мың адамның өтініші тіркелген. Олардың төленбеген қарызы – 266 млрд теңге. 

"Азаматтар бұл рәсімге өтінішті ХҚКО, электронды үкімет порталы, сондай-ақ eGov.kz қосымшасы арқылы бере алады. Осы мақсатта арнайы жаңа «Қолдау» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе 24 мемлекеттік органмен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш берушінің кіру талаптарына сай автоматтандыруды қамтамасыз етеді", – деді ҚР Қаржы министрлігі МКК төрағаның орынбасары Сейілжан Ахметов

Елде 18 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылған. Олардың қарызы – 54 млрд теңге. Кейбірінің берешегі тіпті 2 млрд-қа жеткен. Құзырлы орган мәліметінше, банк алдындағы қарызын өтей алмай көмекке жүгінетіндердің 53 пайызы ер адам, 47 проценті әйел, 40-42 жас аралығындағы орта буын өкілдері

"Бір мезгілде заңмен рәсімге өтініш беру мүмкін деп есептеген болатынбыз. Сөздің шыны керек сол кезде "1 млнға жуық адам 1 жыл бойы қарызын төлей алмай келе жатыр" деген. Әр банк проблемалық кредиторларын есептеп отырады", – деді ҚР Қаржы министрлігі МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект қылмыскермен қалай күреспек

 

 

 

 

Новости партнеров