Іс-шараға 15 мемлекеттен 280-ге жуық отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады
Алматыда «Ядролық ғылым және технологиялар» тақырыбында V халықаралық ғылыми форум жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға 15 мемлекеттен 280-ге жуық отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысып, атом ғылымының медицина, ядролық физика, өнеркәсіп және экологияға әсеріне қатысты ойларын ортаға салды. Форумда жаңа технологияларды ілгерілету мәселелері талқыланды. Осы тұста ядролық физика институтының бас директоры алдағы жоспарларын бөлісті.
"Мүмкіндік болса, болашақта ең алдыңғы қатарлы детекторлерді ядролық физика институт базасында жасап, құрастырып, сондай-ақ Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымына, Фермелаб АҚШ-тың лабораториясына да жасап береміз ба деген ойымыз бар. Өйткені қазір ядролық физика институтының жасған технологиясы әлемдегі топ-3 ке кіріп отыр", – деді Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев
Ал ядролық технологияларға келер болсақ, ядролық медицина саласында онкологиялық ауруларды анықтау мен оларды емдеуде радиофарм препараты кеңінен қолданылады. Институттың бас директорының айтуынша, қатерлі дерттің алдын алатын дәрі-дәрмек өндірісін ілгерілету және сапасын арттыру мақсатында шаруа қолға алынбақ.
Атап айтсақ, болашақта актиний-225 изотобының негізінде препарат шығару технологиясы қолданылмақ.
Оқи отырыңыз: Республикалық референдумда АЭС-тің салынуын халықтың 71,12 пайызы қолдаған - ОСК