Республикалық референдумда АЭС-тің салынуын халықтың 71,12 пайызы қолдаған - ОСК

5 млн сайлаушы қолдап дауыс берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық референдумда АЭС-тің салынуын халықтың 71,12 пайызы қолдаған. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 7 млн 820 мың 204 адам дауыс беруге қатысты. 5 млн сайлаушы қолдап дауыс берсе, 2 миллоннан аса азамат "қарсымын" деп таңдауын білдірген. Бүгін таңғы 8:00-де елдің барлық өңірі мен шетелдегі учаскелерде дауыстарды санау аяқталған.

"Таңертең аумақтық референдум комиссиялары дауыс беру нәтижесі туралы хаттамалардың электронды көшірмесін ұсынды. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының комиссияларынан алынған жедел деректердің негізінде Орталық референдум комиссиясы референдумда дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығарды", – деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдум кезінде дауыстарды санау бойынша есепке алынбаған бюллетеньдер де тіркелген. Олардың саны – 82 мың 324. Ал жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 130 мың 267. Саяси науқан барысында ел бойынша 12 миллион 284 мың 487 адам таңдау жасау құқығына ие болды.

Оқи отырыңыз: Exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Новости партнеров