Ideathon by QYZfond: Алматыда колледж студенттері арасында байқау өтті

03.11.2026 16:41

Жобаға қаладағы 56-ға жуық колледжден 800-ден астам қыз бала қатысқан

Алматыда колледж студенттері арасында «Ideathon by QYZfond» инновациялық байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жобаға қаладағы 56-ға жуық колледжден 800-ден астам қыз бала қатысқан. Олар 10 бағыт яғни, ақпараттық технологиялар, маркетинг, сауда, қонақүй және мейрамхана бизнесі, сән индустриясы, интерьер дизайны бойынша бақ сынады. Қатысушылар өз жұмыстарын арнайы көрмеде таныстырып, компания өкілдеріне түйіндемелерін тікелей ұсынуға мүмкіндік алды. Сәйкесінше, жеңімпаз атанған командалар аталған компанияларда тағылымдамадан өтуге немесе арнайы оқуға шақырту алды.

«Еліміздегі бар мәселеге өзіміздің креативті шешімімізді қосып, ауқымды жоба жасап шығуды мақсат еттік. Әр кезең сайын қобалжығанымызбен, бір-бірімізге деген сенім мен командалық ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жеттік!», – еді қатысушы Құрманай Алайдарова.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында оқушыны соққыға жыққандар анықталып, тергеу басталды

Толық көрсету