Әйелі мен ұлын өлтірген: Қостанай облысында күдікті кәнісін мойындады

30.09.2025 14:46

Кішкентай қыз өз анасы мен ағасының үйде еденде жатқанын айтып, көмек сұраған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция 51 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамап, қылмыстық іс қозғады. Ол кәнісін мойындаған.

Айта кетейіr, кеше Аманқарағай ауылында екі адамның өлімі тұрғындарды дүр сілкіндірген еді. Сұмдық оқиға туралы полицияға жергілікті тұрғын хабарлаған. Оған көшеде жүрген кішкентай қыз өз анасы мен ағасының үйде еденде жатқанын айтып, көмек сұраған.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады», – деді  Полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Сералин.

Оқи отырыңыз: Алматыда кәсіпкердің үйін тонаған қарақшылар тобы ұсталды