Әйелінің өліміне себепкер болған шымкенттік 7 баласынан айырылды

Бүгінде 5 бүлдіршін мемлекет қамқорлығында

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйелінің өліміне себепкер болған шымкенттік балаларынан тірідей айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салсақ, биыл ақпанда 42 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлап, қаза тапқан. Ал бұл жағдайға оның жолдасы кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға сотталған. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның артында 7 бала жетім қалды. Оның бесеуі кәмелетке толмаған. Бүгінде сот олардың айыпты деп танылған әкесін ата-ана құқығынан айырды.

 «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен бөбектер үйі сотқа шағым түсіріп, бес баланың әкесін ата-ана құқығынан шектеуді және алимент өндіруді сұраған. Сот аталған мән-жайларды назарға алып, талапты қанағаттандырды. Сотталушы балалары кәмелетке толғанға дейін алимент төлеуге міндеттеліп, ата-ана құқығынан шектелді», – деді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінде 5 бүлдіршін мемлекет қамқорлығында. Ал олардың кәмелет жасына толған әпкелері кіші бауырларын қолына алуға ниетті. Бойжеткендердің бірі балаларды қамқоршылыққа алу үшін құжат тапсырып жатыр.

Оқи отырыңыз: Зауыттағы жарылыс: Ақтауда 4 адам ауруханаға түсті

Новости партнеров