ІІМ әлеуметтік желіні белсенді қолданатын жасөспірімдерге ескерту жасады

Ведомство өкілдері суретке түскен бойда геолокацияны белгілемеуге шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіні белсенді қолданатын жасөспірімдерге ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство өкілдері ғаламтордағы ашықтық қауіп-қатерге жол ашпауы керек екенін алға тартады. Осыған орай полиция мамандары желіде мекенжай, телефон нөмірі мен мектеп атауын жазбауға, сондай-ақ сторис салып, суретке түскен бойда геолокацияны белгілемеуге шақырады.

Сонымен қатар парақшаға тек өзі танитын адамдарды қосып, бейтаныстардан келген күмәнді хабарламаларды бұғаттауға үндейді. Тәртіп сақшылары лайк пен жазылушылар санынан қарағанда жеке қауіпсіздіктің әлдеқайда маңызды екенін ескертеді. 

Оқи отырыңыз: Ірі есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікті шетелден экстрадицияланды