ІІМ жаңажылдық шыршаға байланысты ескерту жасады

19.12.2025 16:57

Полицейлер алаяқтардың мерекелік қарбалас кезді пйдаланатынын ескертті

Almaty.tv

Полицейлер жаңа жылдық шыршаларды интернет арқылы сатып аларда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мерекеге қарай әлеуметтік желілерде бағасы арзан шыршалар сатылатыны туралы хабарламалар пайда болады. Хабарландыру берушілер әдемі фотосуреттерді пайдаланып, сатып алушылардан алдын ала төлем жасауды талап етеді.

Ақша аударылғаннан кейін "сатушылар" байланысқа шықпай, ізін суытады.

Осыған байланысты полиция мына жайттарды ескертеді:

  • Белгісіз немесе жаңадан ашылған парақшалардан тауар сатып алмаңыз;
  • Алдын ала төлем жасаудан, әсіресе жеке банк карталарына ақша аударудан бас тартыңыз;
  • Пікірлерді, жарияланымдарды және аккаунттың тіркелген күнін мұқият тексеріңіз;
  • Нақты мекенжай мен байланыс нөмірінің бар-жоғын анықтаңыз;
  • Өте төмен баға немесе төлемді жедел жасауға шақыратын ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;
  • Күмән пайда болса, сатып алудан бас тартқан жөн.

Полицейлер алаяқтардың мерекелік қарбалас пен азаматтардың үнемдеуге деген ұмтылысын пайдаланатын ескертіп, оларға алданып қалмау үшін барынша сақ болуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: балаңызға жаңа жылдық киім аларда нені ескеру керек