Үшінші тұлғалардың өтініші бойынша телефонға қосымшалар орнатпаңыз
Ішкі істер министрлігі азаматтардың смартфондарына зиянды қосымшаларды орнату арқылы қашықтан қол жеткізетін алаяқтық схема туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаны орнатып, тарату жағдайлары тіркелуде.
Қаскөйлер оны тарату үшін түрлі тәсілдер қолданады. Мысалы:
Мұндай бағдарлама орнатылғаннан кейін алаяқтар құрылғыға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шоттардағы қаражаттың ұрлануына, онлайн-несиелердің рәсімделуіне, жеке деректер мен хат алмасудың таралуына, сондай-ақ телефонды бұғаттап, төлем талап етуге әкеп соғуы мүмкін.
Өзіңізді қорғау үшін үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, тек ресми қосымшаларды және антивирустық бағдарламаны пайдаланыңыз, банк операциялары туралы хабарламаларды қосыңыз.
Телефоныңызда қауіпті бағдарламаның болу белгілері: батареяның тез таусылуы, құрылғының қызып кетуі және бейтаныс қосымшалардың пайда болуы.
"Күдік туындаған жағдайда интернетті дереу өшіріңіз, банкпен байланысыңыз және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сақ болыңыз. Цифрлық қауіпсіздік өзімізден басталады", - деді ІІМ өкілдері.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында білім саласынан 583 млн теңге жымқырған тұлғалар сотталды