ІІМ жүргізуші куәлігін алу тәртібін өзгертті

13.10.2026 11:26

Үшінші реттен бастап емтихан тапсыру ақылы болады

Depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу емтихандарына қатысты қағидаларды өзгертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа тәртіп бойынша, қайта жабдықталған көлікті қайта тексерту қажет емес, қауіпсіздігін растайтын құжат жеткілікті. Емтиханнан бірінші рет өте алмағандар оны келесі жұмыс күні, екінші рет сәтсіз тапсырғандар 10 күннен кейін қайта тапсыра алады. Үшінші реттен бастап емтихан тапсыру ақылы болады.

Шетелдік жүргізуші куәлігін қазақстандық куәлікке ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсырып, құжаттың түпнұсқалығын растау қажет.

Толық көрсету