ІМ-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні атап өтілді

Polisia.kz.
Polisia.kz.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні атап өтілді. Министр Ержан Саденов ардагерлер мен қонақтарды, жеке құрамды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды

"Бұл күн - тарих, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Ұлы Жеңіс - ұлттың ерлігі. Бейбіт өмір - сол ерліктің нәтижесі. Басты қағидамыз - Заң мен Тәртіп. Бұл ұран емес, бұл күнделікті жұмыс. Әріптестер, халық сенімі - біздің ең басты бағамыз. Баршаңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Мереке құтты болсын!" - деді Ішкі істер министрі.

Іс-шарада антына адал офицерлердің ерлігі мен жанқиярлығы ерекше атап өтілді.
"Барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, арнайы қызмет өкілдерін, әскери қызметшілерді, ардагерлерді 7 мамыр және 9 мамыр мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Ал қызметтегі азаматтарға елге адал әрі абыроймен қызмет етуді тілеймін! "- деді Жамбыл облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісі командирінің орынбасары Виталий Мирошниченко.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолдауымен тәртіп сақшыларына пәтер кілттері табысталды.

" Өз атымнан және отбасымның атынан ең алдымен Мемлекет басшысына, сондай-ақ министрімізге қызметкерлерге көрсеткен қамқорлығы мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Өз пәтеріңнің кілтін алу - әрбір отбасы үшін маңызды сәт, тұрақтылық пен болашаққа деген сенімнің белгісі", - деді ІІМ күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Денис Рудковский.

" Ішкі істер саласында қызмет етіп жатқаныма 20 жылдан асады. Көпбалалы анамын. Бүгінгі таңда еңбегім еленіп, пәтерлі болып жатырмын. Әрі қарай қызметімді адал, қалтқысыз жалғастыруға мен дайынмын", - деді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айнұр Байгеленова.

Марапаттау рәсімі мерекелік концертке ұласты. Иығына погон тағып, қызметтің қиындығы мен қызығын қатар алып келе жатқан жандардың құрметіне қазақ сахнасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Ақпарат көзі Polisia.kz 

Новости партнеров