№7 ҚКА-ның реабилитолог –дәрігері Насиба Махмутованың айтуынша, қозғалыс бұзылыстары мен қатты ауырсыну емдеуге қиындық тудырған
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының оңалту бөлімінің 63 жастағы науқасы ми қан айналымының жіті бұзылуынан кейін қалпына келе алды. Әйел оң жақ қол-аяғының қозғалыс шектеулерімен және иық буынындағы айқын ауырсынумен түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
№7 ҚКА-ның реабилитолог –дәрігері Насиба Махмутованың айтуынша, емдеудің қиындығы қозғалыс бұзылыстары мен қатты ауырсынудың қатарласуында болды.
«Науқас ауыр инсульт алды, инсульт бөлімшесінде оған консервативті емдеу әдісі сәтті жүргізілді. Одан әрі біздің оңалту бөлімшесі жағдайында оған жеке бағдарлама тағайындалды, оның ішінде ЕДШ, түрлі физиолық терапия, массаж, сондай-ақ қажет болған жағдайда қан қысымын тұрақтандыруға арналған дәрілік заттар тағйындалды. Қолдың плегиясынан басқа, иық буынының қатты ауыруы байқалды», - деп атап өтті дәрігер.
Дұрыс таңдалған кешенді емдеу тәсілінің арқасында пациенттің қалпына келуі айтарлықтай ілгеріледі. Оңалту курсының соңына қарай ол өзіне-өзі қызмет етуге, өзі тұрып, көмексіз жүру қабілеті пайда болды.
Қолдың функциясы оңалту шкаласы бойынша 0-ден 3,5 баллға дейін жақсарды. Әйел екі килограмға дейінгі заттарды көтеріп, оларды иық арқылы ауырсынбай жылжыта алды.
Көпсалалы аурухананың әкімшілігі инсульт бөлімінде уақтылы емдеу мен кейінгі оңалту шаралары пациенттің жағдайын тұрақтандырып, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Инсульт - мидағы қан айналымының жіті бұзылуы, ол қайтымсыз зақымдануға, мүгедектікке және өлімге алып келуі мүмкін.
Инсульт алған адамның кейінгі өмірі медициналық көмек көрсету жылдамдығы, емдеу мен кейінгі оңалтудың сапасы сияқты көптеген факторларға байланысты.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында теміржол инфрақұрылымы нысаны мемлекетке қайтарылды