Инватакси: Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылған

20.09.2024 14:00

Өңірде 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме заңға қайшы жұмыс істеген

Almaty.tv

Маңғыстау облысында инватакси қызметін атқарған 17 көлік заңға қайшы жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауапты басқарманың орнына бар істі 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме негізсіз атқарған. Өңірде 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы бұзылған.

Күнде шақырамын, себебі мен спорт залға қатынаймын. Ол кезде жетіспейді. Бір күн бұрын маған звондап, көліктің жетпейтінін айтады. Екіншіден, күн ыстықта көлікте желдеткіш жоқ, – деді облыс тұрғыны Алтынашар Қалаубаева.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған қызметке жауапты басқарма басшысы жұмыстан шығарылып, 5 ауданда лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза тағайындалды. Барлық инватакси демалыс және мереке күндерді қоса алғанда тәулік бойы жүретін болды.

Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Сондай-ақ инватакси санын көбейту үшін жергілікті атқарушы органға ұсыныс берілді. Қазір таксопарктердің мобильді қосымша арқылы инватакси қызметін ұсынуына тиісті шаралар атқарылып жатыр, – деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Ғани Бұрамбаев.