Ұлттық банктің ақпаратынша, өтінімін қарастырғанда басты шарт қарыз алушының тұрақты табысы болуы керек
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының талаптары өзгерді. Бұдан былай халыққа баспана алуға берілетін шекті сома көбірек бөлінетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық банктің мәліметінше, Астана, Алматы қалалары мен олардың маңайындағы аймақтарда, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Шымкентте баспана құнының шекті мөлшері 25 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін артқан. Ал Қарағандыда лимит жиырмадан 25 миллионға, басқа өңірлерде 15 миллионнан 20 миллион теңгеге көтерілген. Бұл норма тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру және ипотекалық несиелеу тетіктерін жеңілдету ету үшін енгізіліпті.
Ұлттық банктің ақпаратынша, өтінімін қарастырғанда басты шарт қарыз алушының тұрақты табысы болуы керек. Бағдарламаның өзге шарттары мен талаптары өзгеріссіз қалады.
Оқи отырыңыз: «Резеңке пәтер»: Шымкентте баспана иесі жауапқа тартылды