Ал өздері Иранға барып, оқып жатқан студенттердің санына қатысты есеп жүргізілмейді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Иранда нақты қанша қазақстандық студент білім алып жатқанынан хабарсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нақтыласам, бүгін Сенат кулуарында вице-министр Талғат Ешенқұлов аталған елге өздері барып оқып жатқандар туралы есеп жүргізілмейтінін жеткізді. Тек академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алушылардың жоғын мәлімдеді.
Айта кетейік, Иранда 28 желтоқсаннан бері елдің қиын экономикалық жағдайына байланысты жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр. Қазір әлем елдері азаматтарын аталған мемлекет аумағынан әкетіп жатыр.
«Иранда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жоқ. Ал өздері Иранға барып, оқып жатқан студенттердің санына қатысты есеп жүргізілмейді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.
Оқи отырыңыз: Астанада 21 жастағы жігіт арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырған