Ішінара жабық өтеді: Перизат Қайрат ісі бойынша сот қашан басталады

09.07.2025 19:39

Қылмыстық істің көлемі үлкен болғандықтан кесте құрылады

Атышулы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот ішінара жабық өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Мұндай шешімді сотталушының өтінішін қараған судья Сабыржан Кәрімов қабылдады. Оған сай, Перизат Қайрат пен оның анасынан жауап алу кезі жабық қаралады. Яғни, көпшілікке көрсетілмейді.

Сондай-ақ құпия мәліметтер мен банк құпиясына қатысты материалдар да жария етілмейді. 

«Қылмыстық істің көлемі үлкен болғандықтан кесте құрылады. Негізгі сот отырысы 14 шілдеде сағат 10:00-де басталады. Сот отырысы әр дүйсенбі және сейсенбі күндері өтеді», - деді қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов.

Оқи отырыңыз: Перизат Қайратқа қатысты іс жабық түрде қаралуы мүмкін