Ислам Сұңқар: Жаңа Конституция жобасында ең басты құндылық және де стратегиялық бағыт – адами капитал

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары мен еліміздің жетекші сарапшылары қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция жобасы ғылым мен инновация салаларын дамытуға жол ашады. Бұл туралы Ата заң жобасына арналған жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары мен еліміздің жетекші сарапшылары қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында Конституция қабылданған жағдайда оның қалай жүзеге асырылатыны талқыланды. Депутаттардың айтуынша, егер жоба қолдау тауып, іске асса, еліміздің стратегиялық бағыты түбегейлі өзгеріп, жаңа даму кезеңіне қадам басады. Ал негізгі басымдық ретінде адами капиталды таңдау елдегі  маңызды салалардың қарқынды дамуына мүмкіндік береді деп отыр. Бұл өз кезегінде ел азаматтарының әлеуетін арттырып, тұрғындар мен билік арасындағы өзара сенім мен байланысты нығайта түседі.

«Мен жеке азамат ретінде ерекше қабылдағаным , Конституцияның мемлекеттің адамға бағдарланғаны. Яғни, оның ішінде табиғи байлықтар емес, минералды ресурстар емес, ең басты құндылық және де стратегиялық бағыт – адами капитал.  Бұл жерде ғылым, білім, инновация және мәдениетті жоғары қоямыз. Менің ойымша, егер Конституция қабылданатын болса, халық қолдап референдумда дауыс берсе, еліміздің стратегиялық бағыты және стратегиялық құжаттары да өзгеруі мүмкін», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар.

Оқи отырыңыз: Конституциялық реформа: мәжіліс депутаттары Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

 

 

 

Новости партнеров