Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

16.08.2026 16:35

Бағдарлама Димаштың дауысын «адамзат үшін мүмкін еместей дауыс» деп сипаттады

dimashnews.com

Испаниялық телеарна эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы сюжетті қамтыған жаңалықтар шығарылымын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Dimashnews.com-ға сілтеме жасап. 

Репортаж тележүргізуші Марта Рейеро жүргізген жаңалықтар бағдарламасында көрсетілді. Журналист Ноэми Баутиста оториноларинголог дәрігер Эстер Сота Эгисабальмен бірге Димаштың дауыс ерекшеліктері мен вокалдық диапазонына қатысты ерекшеліктерді талқылады.

Эфир барысында Димаштың «SOS», «Diva Dance» және «Stranger» композициялары орындалды. Сюжетте әншінің вокалдық диапазоны мен дауыс ерекшеліктеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ Димаштың вокалдық мүмкіндіктері Мэрайя Кэри, Лучано Паваротти және Мария Каллас секілді әлемге танымал әншілермен салыстырылды.

Бағдарлама жүргізушісі Димаш дауысының мүмкіндіктерін атап өтіп, «адамзат үшін мүмкін еместей дауыс» деп сипаттады.

Сюжет соңында: «алты октава әлеміне алып кете алатын әнші» деген тұжырым жасалды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда биік таулы аймақтарда туристер үшін арнайы жәшіктері орнатыла бастады

Толық көрсету