Испаниядан есірткі тасымалдаған қазақстандық 16 жылға сотталды

Көліктегі полиция департаменті
Көліктегі полиция департаменті

Тергеу барысында анықталғанындай, ұсталған адам құпия мессенджерлер арқылы есірткіні бөлшектеп, Астана аумағында саудалаумен айналысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы ақпанда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция барысында елордаға Испаниядан жеткізілген ірі есірткі партиясының жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жедел-іздеу іс-шараларының барысында Астананың пошта байланысы бөлімшелерінің бірінде оралған зат табылған. Сараптама оның 700 грамнан көп каннабис шайыры екенін анықтады.

Есірткі желісінің 23 жастағы курьері затты алу кезінде, яғни қылмыс үстінде ұсталды. Оның тұратын жерін тексеру кезінде есірткіні орауға арналған заттар, таразы сонымен қатар құпия орындарға жасыру арқылы есірткіні ұзақ уақыттан бері саудалап жүргенін растайтын бейнежазба табылды.

Тергеу барысында анықталғанындай, ұсталған адам құпия мессенджерлер арқылы есірткіні бөлшектеп, Астана аумағында саудалаумен айналысқан.

Көлік полициясы есірткінің халықаралық тасымал жолын жойды. Мамыр айында сот айыпкерді кінәлі деп тауып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз: Шегірткелер шеруі: Қызылорда облысында зиянкестер жайылымдық жерлерді отап кеткен

 

Новости партнеров