Ішкі тергеу қорытындысы бойынша заң бұзған жолсеріктер жұмыстан босатылып, пойыз басшысына қатаң ескерту жарияланды
«Қазақстан темір жолы» компаниясы Алматы-2 вокзалында жүргізілген ішкі тергеу қорытындысы бойынша екі жолсерікті жұмыстан босатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар: БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде ішкі тексеру, тергеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.
«Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша Алматы-2 вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарды заңсыз сату және пойыз тамбурында темекі шегу сияқты әрекеттер анықталды. Ішкі тергеу қорытындысы бойынша заң бұзған жолсеріктер жұмыстан босатылып, пойыз басшысына қатаң ескерту жарияланды,- делінген «ҚТЖ» компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Испаниядан есірткі тасымалдаған қазақстандық 16 жылға сотталды