Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

13.06.2025 19:27

Ведомство өкілдері қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қыөметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жолдарында 220 автожүйе орнатылады