Іс-шараға Ассамблея өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген жетекшілер қатысты
Алматыда ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Jastar Generation – 2025» халықаралық лагері мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үш күндік бағдарлама аясында қатысушылар команда құру, коммуникациялық дағдыларды дамыту, мемлекеттік тілді ілгерілету тақырыптарында тәжірибе жинады. 80-нен астам жас түрлі тренингтер мен сабақ өтті. Іс-шараға Ассамблея өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген жетекшілер қатысты.
«Биыл 80 ассамблея белсендісі жастармен бірігіп 3 күн бойы лагерде өткізді. Негізгі мақсат –жастар арасында көшбасшылар дайындау», – деді ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.
Оқи отырыңыз: Алматыда қала құрылысының жаңа бағыттары талқыланды