Әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квота сақталады

24.01.2026 16:15

Болашақ Құрылтай құрамын жасақтағанда бәріне бірдей мүмкіндік беру қамтамасыз етіледі

t.me/consot_kz

Мемлекеттік кеңесші — Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сөйлеген сөзінде Парламенттегі квоталар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтай отырысында егжей-тегжейлі баяндады. Мемлекет басшысы айтқандай, «президенттік квота» деген болмайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың отырысында «Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс» деді», - деп тоқтаолды Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, мұндай қадам болашақ Құрылтайдың құрамын жасақтағанда бәріне бірдей мүмкіндік берілуін қамтамасыз етеді.

«Ал әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квота сақталады. Себебі бұл – Парламенттік емес, партиялық тізімдегі квота. Мұның барлығы конституциялық заңдар деңгейінде шешілетін мәселелер», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Құрылтайда заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізу ұсынылды