26 жастағы келіншек күнкөріс үшін қосымша ақша табамын деп біреудің пәтерін тазалауға барған
Шымкентте үй жинауға барған әйелді өлтіріп, кейіннен мәйітті қоқысқа тастаған мектеп оқушысы сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске салсақ, жаға ұстатарлық жайт шілдеде болған. 26 жастағы келіншек күнкөріс үшін қосымша ақша табамын деп біреудің пәтерін тазалауға барған. Әйел ақысын сұраған сәтте 11 сынып оқушысы оны бірнеше мәрте пышақтаған. Онымен қоймай денені қорлады деп те айыпталған болатын. Бүгін сот 17 жастағы жасөспірімді 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.
Алайда ол «Мәйітті қорлау» бабы бойынша ақталып кетті. Сондықтан құрбанның жақындары бұл шешіммен келіспей отыр.
Айта кету керек, сотталушы екі ай мерзім ішінде марқұмның туыстарына 8 млн теңге моральдық шығын өтейді.
«Онша қатаң емес, неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 314-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық бойынша кінәсіз деп тауып, оның құқық бұзғаны дәлелденбегендіктен ақталды», – деді судья Бақыт Түнәлиев.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында жол апатынан бір адам ажал құшты