Қарағанды облысында жол апатынан бір адам ажал құшты

Екі адам ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының Қарқаралы – Қарағайлы тас жолында көлік қақтығысы болып, салдарынан бір адам ажал құшты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Lada» маркалы автокөлігіне соққан. Жол апатынан 28 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, «Camry» жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырады», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Оқи отырыңыз: МӘМС-ті төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін

Новости партнеров