Әйелін атқа жегіп, сүйреген: прокурор айыпталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады

Almaty.tv
Almaty.tv

Тергеу деректеріне сүйенсек, Айзат Жұманова ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында күйеуінің қолынан азапталып қаза тапқан Айзат Жұманованың ісі бойынша прокурор айыпталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін атышулы іске қатысты сотта жарыссөз өтіп жатыр. Тараптар үкім кесілгенге дейін соңғы сөзін айтып, дәйектерін келтірді. Тергеу деректеріне сүйенсек, Айзат Жұманова ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Процесте марқұмның анасы бұрынғы күйеубаласын өмір бойына қамауды сұрап, көз жасын тыя алмады. Іс бойынша түпкілікті шешім келер аптада жарияланбақ.

Оқи отырыңыз: Жоғалған отбасы: ауыл тұрғындары ерлі-зайыптылардың денесін жер қойнына тапсырды

 

Новости партнеров