ДСМ қазақстандықтарды тегін скринингтен өтуге шақырды
Денсаулық сақтау министрлігі 30–76 жас аралығындағы азаматтарға тегін скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығын еске салады Қазақстан тұрғындары тіркелген емханасында профилактикалық скринингтік тексерулерден тегін өте алады, деп хабарлайды Almaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде келесі скринингтер жүргізіледі:
Алматы қаласындағы №11 қалалық емхананың профилактика бөлімішесінің меңгерушісі Алёна Ришатовна Зекунованың айтуынша, көптеген қауіпті аурулар бастапқы кезеңде ешқандай белгі бермей өтеді.
«Скринингтік тексерулер ауруды алғашқы белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Дерт неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым тиімді болып, асқыну қаупі төмендейді. Сондықтан профилактикалық тексерулерден жүйелі түрде өтіп, денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаған жөн», – деді Алёна Зекунова.
Скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тегін жүргізіледі. Жас ерекшелігіңізге байланысты скринингтен өтуге жататыныңызды тіркелген емханаңыздағы учаскелік дәрігерден біле аласыз.
Оқи отырыңыз: Қазақстан адам дамуы индексі бойынша ТМД мен Орталық Азияда көш бастады