БҰҰДБ-ның биылғы баяндамасы жасанды интеллект дәуіріндегі адам дамуына арналған
Қазақстан адам дамуы индексі (HDI) бойынша ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шығып, әлемдегі 193 елдің ішінде 60-орынды иеленді. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) 2025 жылғы есебінде айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Есеп 2023 жылғы көрсеткіштерге негізделген. Қазақстанның адам дамуы индексі 0,837 болып, ел адам дамуы өте жоғары мемлекеттер санатына енді.
Қазақстан өңірдегі көшбасшы
БҰҰДБ бағалауынша, Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде ең жоғары нәтижеге қол жеткізген.
Рейтингте Қазақстаннан кейін:
Ал Әзербайжан, Молдова, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан адам дамуы деңгейі жоғары елдер қатарына кірсе, Тәжікстан орташа деңгейдегі мемлекет ретінде бағаланған.
Негізгі көрсеткіштер
Адам дамуы индексі үш негізгі өлшем бойынша есептеледі:
Қазақстанда:
Қазақстан әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары
2023 жылы әлем бойынша адам дамуы индексінің орташа мәні 0,756 болса, Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі орташа көрсеткіш 0,818 болды.
Ал Қазақстанның көрсеткіші 0,837-ге жетіп, әлемдік және өңірлік орташа деңгейден жоғары нәтиже көрсетті.
Соңғы 33 жылда Қазақстанның адам дамуы индексі 21,5%-ға өсіп, пандемия кезіндегі қысқа мерзімді төмендеуден кейін қайта қалпына келді. 2023 жылғы көрсеткіш – тәуелсіздік кезеңіндегі ең жоғары деңгейдің бірі.
Жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі
БҰҰДБ-ның биылғы баяндамасы жасанды интеллект дәуіріндегі адам дамуына арналған. Сарапшылар технологиялық өзгерістердің тиімділігі мемлекеттердің оны қалай пайдаланатынына байланысты екенін атап өткен.
Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.
Бұл бастамалар мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардың тиімділігін арттыру арқылы елдің адам дамуы көрсеткіштерін одан әрі жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Сайлау алдындағы онлайн-сауалнамалар: мамандар ескерту жасады