Қайтарылған активтер: Ақтөбе облысында дәрігерлік пункт салынды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Нысанның ашылу салтанатына прокуратура және әкімдік өкілдері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық прокуратура хабарлауынша, ашылу салтанатына Ырғыз ауданы прокуроры мен әкімі,  мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Шара барысында бұл нысанның ауыл халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қадамы екені жеткізілді.

Аталған әлеуметтік маңызы бар нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Астанада бір түнде екі адам терезеден секіріп қаза тапты

Новости партнеров