Құрылыстың құны 7 миллиард теңге деп бағаланған
Олигархтар мен жемқорлардан қайтарылған қаржыға Астанадан 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv
Құрылыстың құны 7 миллиард теңге деп бағаланған. Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынған. Жоспар бойынша жоба 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Білім ошағы пайдалануға берілгеннен кейін «Нұра» ауданындағы төрт мектепке түсетін жүктеме азаяды. Үкімет қайтарылған активтер есебінен 610 миллиард теңгеден астам сомаға 500-ден аса әлеуметтік жобаны қаржыландырады. Қаражат білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және қайта жөндеуге жұмсалады. Білім беру саласында құны 64,4 миллиард теңге болатын 17 жоба жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз: Өскеменде студентті 1,7 млн теңгеге алдаған күдікті анықталды