Қайтарылған активтер: Қазалыда орталық аурухана ғимараты салынып жатыр

14.01.2026 11:49

Қайта жаңғырту жобасы 42 төсек-орынға арналған қосымша корпустың құрылысын қамтиды

Видеодан кадр

Қызылорда облысы Қазалы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен орталық аурухананың жаңа корпусы салынып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Ризабек Ожаров Әйтеке би кентінде салынып жатқан Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жаңа корпусының құрылыс барысымен танысты.

"Қайта жаңғырту жобасы 42 төсек-орынға арналған қосымша корпустың құрылысын қамтиды. Нысан прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынуда", - делінген хабарламада.

Өңір басшылары құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен танысты.

Аудандық аурухананың кеңеюі қолданыстағы бөлімшелерге түсетін жүктемені едәуір азайтып, медициналық көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік нысан 2026 жылдың басында пайдалануға беріледі.

Жобаның жүзеге асырылу барысы Қызылорда облысы прокуратурасының бақылауына алынды. 

Оқи отырыңыз: Мәжіліс ЕЭАО-да экспорттық тауарлардың шығарылуына бақылауды күшейтеді