Қала оқушылары пластик қақпақтар өткізіп, жыл соңында бағалы сыйлықтарға ие бола алады
«Қақпақ тапсырып, сыйлық ұтып ал». Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерекше науқан басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала оқушылары пластик қақпақтар өткізіп, жыл соңында бағалы сыйлықтарға ие бола алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама арқылы жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет қалыптасып, табиғатқа жанашырлықпен қарау дағдысы нығая түседі.
Айта кетейік, өткен жылы экохабқа 1 миллион 250 мыңға жуық қақпақ жиналып, нәтижесінде түрлі тұрмыстық бұйымдар жасалған.
«Біріншіден, мектеп оқушылары экологияға үлес қосады. Екіншіден, әрбір тоқсан сайын қортындылар жасаймыз. Қақпақтардан үстелдер, телефонға арналған құрылғылар, шахматтар, брелогтар жасалады. Сыйлықтар табысталады», – деді Эко-хабтың жастар және білім беру ұйымдарымен жұмыс жөніндегі менеджері Лина Каримова.
«Экологиялық акцияға қақпақтар жинап әкелдім. Қоқыстарды тастағанша, өңдеуге өткізіп, көмектескім келді», – деді оқушы Аида Асанқызы.
Оқи отырыңыз: Қала келбеті: Алматылық ғалымдар тың жаңалық ашты