Қапез Байғабылұлы-130: Алматыда кітап көрмесі ұйымдастырылды

19.10.2026 15:35

Әнші-композитор шығарған туындылары сахна төрінде орындалды 

Ұлт келешегі үшін қызмет еткен белгілі әнші-композитор, ағартушы Қапез Байғабылұлының туғанына биыл 130 жыл, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерейтойға орай «Халқын сүйген қайраткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар оның аштыққа ұшыраған отбасыларға пана болып, босып кеткен халықтың басын біріктіре алған қайсарлығы туралы ерекше атап өтті. Оның ел қамы үшін жасаған ерен еңбегін еске алды.

Сонымен қатар Қапез Байғабылұлының шығарған туындылары сахна төрінде орындалды. Іс-шараға келген қонақтар оны ерекше ықыласпен тебірене еске алды. 

«Әншілік, композиторлық қабілеті бола тұра, еңбегінің бәрін ағартушылыққа, ұстаздыққа жұмсаған адам, сол еңбегімен тарихта қалған тұлға. Алаш қайраткерлерінің идеясын еңбек еткен, мұраттас болған, солардың ой-арманын жүзеге асыру үшін ел ішінде жүріп еңбек еткен өте үлкен қайраткер», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Сағатбек Медеубекұлы

Оқи отырыңыз: Алматыда қонақ үй инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды

Толық көрсету