Қапшағай су қоймасында мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды
Видеодан кадр
Балықшы судан өздігінен шыға алмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қапшағай су қоймасында мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ТЖМ хабарлауынша, Қонаев қаласында, Қапшағай су қоймасының «Көгілдір шығанақ» ауданында патрульдеу барысында Жедел құтқару жасағының қызметкерлері мұз астына түсіп кеткен ер адамды байқап қалған.
"Балықшы судан өздігінен шыға алмаған. Құтқарушылар жедел көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге шығарды", - делінген хабарламада.
Оған медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ мұздың тұрақсыз кезеңінде оның үстіне шығу аса қауіпті екенін ескертеді.
"Қауіпсіздік шараларын сақтап, өміріңізге қауіп төндірмеңіз", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеуде болған кеден қызметкері Испаниядан елге жеткізілді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00