Қапшағайда екі әйел отырған көлік мұз астына түсіп кеткен

07.02.2026 12:21

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көліктің ішінде қиын жағдайға тап болған екі әйел болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабар түскен бойда ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген.

"Құтқарушылар зардап шеккендерге қауіпсіз жетуді ұйымдастырып, сақтандыру шараларын қамтамасыз етті. Мұз үстінде жұмыс істеу үшін арнайы жабдықтар қолданылған. Нәтижесінде екі әйел де аман-есен жағаға шығарылды", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендерге медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында алаяқтар телефон арқылы азаматтардың 125 млн теңгесін иемденген