Қар жауып, тұман басады: 23 наурызға арналған ауа райы болжамы

Almaty.tv
Almaty.tv

Қазақстанның 16 облысы мен Астана қаласында дауыл болуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 23 наурызға Қазақстанның 16 облысы мен Астана қаласында дауылды ескерту болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv

Астананы күндіз тұман басады. Ақмола облысы – күндіз және кей жерлерде тұман, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, қар жаууы мүмкін.

Жетісу аймағы – күндіз оңтүстік, орталық және таулы аудандарда жаңбыр, найзағай соғады. Қарағанды облысында таңертең жол тайғақ болып, батыс, солтүстік, шығыста тұман басады. 

Алматы облысы – күндіз солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай; түнде оңтүстік пен таулы аудандарда тұман болады.

Атырау облысы – түнде шығыста жаңбыр, найзағай; солтүстік, оңтүстік және шығыста тұман. Ұлытау облысы – солтүстік, шығыс және орталықта тұман.

Абай облысы – түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстікте тұман. 23–25 наурызда ауа температурасының күндізгі +5…+10°С, оңтүстікте +13°С дейін көтерілуіне, түнгі температураның 0…+5°С болуы мен 24 наурызға болжанған жауын-шашынның әсерінен қардың қарқынды еруі күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысы – солтүстік, шығыс, оңтүстікте тұман басады. Соған қарамастан 23–25 наурызда қардың қарқынды еруі мүмкін. Ақтөбе облысы – түнде және таңертең батыс, оңтүстікте тұман; оңтүстікте күндіз жел соғады.

Маңғыстау облысы – батыс, оңтүстік, орталықта тұман. Павлодар облысы – оңтүстік, шығыс тұман; түнде және таңертең жолдар тайғақ.

Жамбыл облысы – батыс, оңтүстік, шығыс, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда қарқынды жаңбыр; оңтүстікте және таулы аудандарда тұман басады.

Түркістан облысы – батыс, оңтүстік, таулы және төбелі аудандарда жаңбыр, найзағай ойнайды. 

Қостанай облысы – солтүстік, шығыс, оңтүстікте тұман. Солтүстік Қазақстан облысы – түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстікте жол тайғақ; батыс, солтүстік, оңтүстікте тұман болмақ 

Батыс Қазақстан облысы – батыс, солтүстік, шығыста тұман. 24–30 наурызда ауа температурасының +13…+22°С дейін көтерілуіне және жауын-шашын әсерінен қардың қарқынды еруі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда 23-29 наурыз аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров