Қар жауып, үсік жүреді: елімізде қай аймақта күн суытады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазгидромет" синоптиктері 29, 30 және 31 тамызға арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Болжам бойынша, жаздың соңғы күндері Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді деп күтілуде.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Кезеңнің соңына қарай елдің солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі", - деді синоптиктер.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде температура 0–5 градус жылыға дейін төмендейді. Кезеңнің соңында кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы небәрі +10…+15 градусқа дейін ғана жылынады.

Елдің шығысында түнде температура +5…+10 градусқа, күндіз +15…+25 градусқа дейін төмендейді.

29 тамызда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында, ал 30–31 тамызда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанған.

Оңтүстік өңірлерде едәуір жылы болады: түнде +10…+20 градус, күндіз +25…+35 градусқа дейін жетеді.

Елдің батысында күндізгі температура +25…+30 градус, ал Маңғыстау облысында +35 градусқа дейін болады. Мұнда негізінен жауын-шашын күтілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады