Қарағанды облысында екі ер адамның мәйіті табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 15 және 18 жастағы жастардың денелерінде зорлық–зомбылық белгілері жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 15 және 18 жастағы жастардың денелерінде зорлық–зомбылық белгілері жоқ. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жағдайды Полиция департаменті қатаң бақылауға алған.

«Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері мен тергеу амалдарының қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.Тергеу мүддесіне орай қосымша ақпарат жарияланбайды», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.  

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: Жамбыл облысында 700-ге жуық көлік жолда қалды

Новости партнеров